Нұр-Сұлтан қаласындағы бір қонақ үй коронавируке шалдыққандар үшін жасақталмақ. Қазір аталған нысанға науқастарды емдеп, карантин режимін сақтау үшін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтты.
Бірнеше минут бұрын өткен брифнгте біраз мәлімет айтылды. Қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ramada Palaza қонақжайын коронавирусқа шалдыққандар үшін жасақталатынын мәлімдеді. Қазір аталған нысанға науқастарды емдеп, карантин режімін сақтау үшін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, әкім орынбасары алдағы 72 сағат авиа және темір жол қатынастары арқылы қаладан кетуге не болмаса қалаға келуге мүмкіндік берілетінін жеткізді. Ал, 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындарға қала аумағынан шығуға және қала аумағына кіруге толық шектеу қойылады. Кез келген көлік қатынастарының транзиттік тамысалдауы Нұр-Сұлтан қаласы аумағына тоқталмай жүргізіледі, яғни жолаушылар пойыздары қала арқылы өткенімен, бірақ тоқтамайды. Ал карантин режимі аясында бірқатар талаптар күшейтіліп отыр.
«Бірінші, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін арнайы өңірлік жедел штабы күрделі жұмыс атқарып жатыр. Ол тәулік бойы қызмет етеді. Екінші, төтенше жағдай кезінде карантинге сәйкес халық пен шаруашылық субъектілерінің қызметін реттеу үшін қалалық штабтың арнайы шешімі қабылданды. Үшінші, карантин жағдайында қалалық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы іс-шаралар жоспары іске асуда. Қосымша азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесі өңірлермен бірлесіп отырып шешілді. Қазіргі таңда халыққа ең бірінші қажетті әлеуметтік және тұтынушылық тауарлар қоры жеткілікті. Сауда үйлері мен қоймаларда артық көлемде қор жинақталған», – деді қала әкімінің орынбасары Бахтияр МӘКЕН.
Бұдан бөлек, «А» және «Б» жоспарындағы іс-қимыл алгоритміне сәйкес корнавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғаларға арнайы жататын төсек орындары мен карантин стационарлары артпақ. Егер «С» жоспарына өту қажет болса, қосымша жататын орындар қала бойынша да жасақталып отыр. Ал Фармацевтика қауымдастығы және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасындағы бағаны реттеу бойынша, сондай-ақ дәрігерлік және медициналық тауарларды жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.