Желіде қатаң карантин енгізілетіні және Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты әкімдік баспасөз қызметі хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Танымал мессенджерлердің бірінде Алматы облысында карантинге байланысты қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы хабар тараған. Бұл – фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ», – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Жалпы облыс бойынша коронавирус жұқтырған 701 адам анықталған. Бір тәулікте тағы 20 адам тіркелді. 574 адам аурудан айығып шықты, өкінішке қарай, 1 адам қайтыс болды.
Еске салайық, 27-28 маусымда көптеген облыс орталығында демалыс күндері шектеу енгізілді. Тұрғындарға себепсіз сыртқа шықпау ұсынылып, көптеген кәсіпорын жабылан болатын.