|
06.10.2020 | 14:01
1330

Қостанай облысында санитарлық бекет қойылды

Шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады

Қостанай облысында санитарлық бекет қойылды inform.kz

Қостанай облысының Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. 

Сондай-ақ, бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Короновирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған. 

Еске салайық, кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту, оның ішінде санитарлық және блокпостарды қайтадан қою мәселесі қарастырылатынын айтқан болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир