Италияға туристер мамырдың екінші жартысынан бастап бара алады

TRG
TRG
Италия билігі COVID-19 салдарынан енгізілген шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік туристер мамырдың екінші жартысынан бастап Италияға келе алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің министрлер кеңесінің төрағасы Марио Драгидің айтуынша, ЕО бірыңғай электронды жасыл төлқұжат қабылдағанға дейін, 15 мамырдан бастап туристер ұлттық жасыл төлқұжат арқылы ел ішінде саяхат жасай алады. Оны вакциналау туралы анықтама, COVID-19-ға теріс тест болған кезде немесе  бұрын инфекция жұқтырып, аурудан жазылған жағдайда алуға болады.

Италия билігі COVID-19 салдарынан енгізілген шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастап жатыр, өйткені туризм индустриясы ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Алдымен ашық алаңы барлар мен мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру, содан кейін музейлер, театрлар мен кинотеатрларды ашу жоспарланып отыр.

Новости партнеров