Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат әкелінді

Almaty.tv
Almaty.tv
«Авифавир» атты жаңа препарат коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамаға енгізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы стационарлық ауруханаларда КВИ жұқтырғандарды ресейлік жаңа препаратпен емдейді. Жаңа дәрінің жеткізілгенін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Авифавир» атты жаңа препарат коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамаға енгізілген.

«Бұл препарат бір реттік тәртіпте сатып алынып, біздің елге жеткізілді. Онымен стационарлық науқастарды емдейді. Осы препаратпен емделетін адамдар бақылауға алынады. Себебі ол препарат - жаңа. Клиникалық сынақтан жақында ғана өткен», – деді Ажар Ғиният. Айта кетсек, бұған дейін Ресей Федерациясында аталған препарат сынақтан сәтті өткізілгені хабарланған еді.

Новости партнеров