Алматыда коронавирус індеті тіркелген ошақтардың саны азайды​

пресс-служба Алматинского гарнизона
пресс-служба Алматинского гарнизона
Бұған дейін белгіленген 12 мекен-жайдан шектеу шаралары алынып тасталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирус індеті тіркелген ошақтардың саны азайды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұған себеп: ауруды жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғаларда клиникалық белгілер пайда болуы мүмкін инкубациялық мерзім аяқталған. Осыған байланысты бұған дейін белгіленген 12 мекен-жайдан шектеу шаралары алынып тасталды:

• Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75.

• Түрксіб ауданы – «Алтай» шағынауданы 1, 8; «Жас қанат»  шағынауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасский көшесі, 63 а;

• Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34 а;

• Бостандық ауданы –  Тұргыт-Озал көшесі, 242;

• Алмалы ауданы –  Желтоксан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше 1 сәуір, сағат 13:00 жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар.

Әуезов ауданындағы инфекцияның 4 ошағы – Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр-4 ықшамауданы, 313;  6 ықшамауданы, 35; 1 ықшамауданы, 28 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой, 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр 121.

Медеу ауданы бойынша 5 ошақ тіркелген. Олар – Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 25; Достық, 111/2; Достық, 116; Достық, 493.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы 45; Борзова көшесі, 85 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 4 ошағы тіркелген.

Түрксіб ауданындағы 2 ошақ келесі мекен-жайларда тіркелді: Жұлдыз ықшамауданы, 45;  Жұлдыз ықшамауданы -1, 13.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ бар. Береке көшесі, 1/97.

Бостандық ауданында 3 ошақ тіркелген. Ол – Навои көшесі, 328; Клочков көшесі, 117; Навои көшесі, 310.

Новости партнеров