Алматыда коронавирустан сауығып кеткен екі жасар бала ауруханадан шығарылды

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото
Бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 пациент ауруханадан шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі уақытта Алматыда инфекциялық стационарлардан COVID-19 расталған екі пациент сауығып, ауруханадан шығарылды. Олардың біреуі 31 наурыз кешке шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан бір бала мен екі ересек пациент. Ауруханадан еделіп шығарылған пациенттер 14 күндік үй карантинінде болады», – деп айтты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тлеухан Абилдаев.

Екі пациент 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келді. Келу кезінде шектеулер енгізілгендігін, жаңа алгоритм мен Қаулы әрекет етіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Экипажды қоса алғанда, 12 адамның барлық борты оқшаулауға, карантинге, инфекциялық стационарға орналастырылды,зертханалық зерттеуге талдау алынды. Жеті адамның диагнозы расталды. Үшінші пациент – бұрын анықталған науқаспен байланыста болған.

Жалпы, бүгін Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 пациент ауруханадан шығарылды.

Новости партнеров