Коронавирус: Мексикада қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты

AP Photo/Rebecca Blackwell
AP Photo/Rebecca Blackwell
Миллионнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексикада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

125 миллион халқы бар мемлекет үшін бұл деңгей (9,8%) әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Миллионнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырған.

Сонымен қатар, ел билігі індетті жұқтырғандардың нақты саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін мойындап отыр.

Індеттің таралуының күрт өсуіне уақытылы шектеу шараларынің енгізілмеуі мен биліктің де, халықтың да жауапсыздығы себеп болуы мүмкін. Мысалы, наурыз айында жергілікті телеарналарда коронавирустың таралуы төтенше жағдай емес деп айтылған жарнамалар көрсетілген, ал ел басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор тұмар тағу мен дұға оқу коронавирус инфекциясынан қорғай алады деп мәлімдеген болатын.

Новости партнеров