СҚО коронавирус індетінің таралуы бойынша әлі де "қызыл аймақта" тұр

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірдің 5 ауданындағы 8 елдімекен әлі де карантинге жабы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша әлі де "қызыл аймақта" тұр. Соңғы тәулікте облыс бойынша 97 адам COVID-19 вирусын жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірдің 5 ауданындағы 8 елдімекен әлі де карантинге жабық. Қазіргі таңда 456 адам стационарлық ем қабылдауда. 26 адамның жағдайы ауыр, ал біреуінің жағдайы нашар болғандықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Мамандар облыста қатаңдатылған шектеу шараларының әлі де сақталатынын жеткізді.

«Адамдардың сөзінше, алғашқы вирус жұқтыру адам көп шоғырланған жерден болады. Содан кейін вирус үйіне кіреді. Содан кейін біз эпидтексеріс жүргізген кезде отбасы мүшелерінен вирус жұқтырғаны анықталады. Сондықтан маска тағып жүрген абзал. Ауырып жүрген адам да маска тақса, вирус жұқтыру қаупі азаяды», – деді СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Күшбасов.

Новости партнеров