Алматыда 20 күннің ішінде шаһар көшелеріндегі автомобиль қозғалысы 80 пайызға азайған

Фото с сайта zona.kz
Фото с сайта zona.kz
Мұндай ақпаратты «Сергек» бейнебақылау жүйесінің мамандары айтып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы 20 күннің ішінде шаһар көшелеріндегі автомобиль қозғалысы 80 пайызға азайған. Мұндай ақпаратты «Сергек» бейнебақылау жүйесінің мамандары айтып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, Алматыда карантин жарияланбай тұрғанда көлік трафигі 0,5 балл болса, 31 наурыздағы ақпарат бойынша 5 баллдың 4,4-ін құраған. Бұл көрсеткіш әкімдік қабылдап жатқан кешенді шаралар мен алматылықтардың жауапкершілігінің арқасында қаладағы белсенділікті төмендеуі және азаматтардың өз-өзін оқшаулауынан кейін шыққан. Карантин кезінде полиция, жедел жәрдем, тамақ жеткізу және тағы басқа қызметтердің көлік қозғалысының ең жоғары балы «4,8»- ге жетуі мүмкін. Сіз бен біз күш біріктіру арқылы ғана вирустың таралуына тосқауыл бола аламыз. Ол үшін себепсіз сыртқа шығуды доғару қажет.

Новости партнеров