|
20.04.2020 | 15:03
3704

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 86 мыңнан асты

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 2 жарым миллионға жуықтады

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 86 мыңнан асты Reuters

АҚШ-та қауіпті індет азаймай тұр. Көз жұмғандар саны 40 мың 400-ден асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың жартысына жуығы Нью-Йорк штатында. Америкада бүгінге дейін 755 мыңнан астам вирус жұқтырған науқас тіркелді. Бұл көрсеткіш бойынша қазір Құрама Штаттар әлемде бірінші орында. Ал, Израиль қалыпты өмірге орала бастады. Ел билігі қатаң қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, шектеулерді азайта бермек. Содай-ақ, Францияда карантин 11 мамырда аяқталады. Елде аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында өткен. Содан бері науқастар саны тұрақты түрде төмендеп келеді. Ал, кеше Түркияда 107 жастағы Хавахан Карадениз есімді әжей COVID-19 вирусынан жазылып шықты. Бұл елде вирус жұқтырғандар 86 мыңнан асты. Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 2 жарым миллионға жуықтады. Соңғы дерек бойынша көз жұмғандар саны 165 мың 945 адам.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир