Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Үш жасар баладан COVID-19 табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.

«Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам – сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды»,  деді қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.

Новости партнеров