Қазақстан шекарасы бірнеше шет мемлекеті үшін ашық. Нақтырақ айтсақ, 10-нан аса мемлекетпен арадағы әуе қатынасы қайта жанданбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған орай еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен шетелдік жолаушыларды қабылдаудың тәртібі енгізілді. Оларды үш санатқа бөледі. Яғни, бірінші санаттағы мемлекетке баратын жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, арнайы сауалнама алынады. Екінші санаттағы елдерге ұшатындар COVID-19-ды жоққа шығарған анықтамасы болмаған жағдайда, жолаушы келген жерінен немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша ПТР әдісімен 48 сағат ішінде тест тапсырғаны туралы анықтама, болмаса 14 күнге үй карантиніне оқшауланғаны жайлы хабар беруі тиіс. Соңғы санаттағы жолаушыларға басқа мемлекеттерге тұрақты әуе рейсіне тыйым салынған болса, эвакауция немесе чартерлік рейстер арқылы ұшуы мүмкін болған жағдайда, екінші санаттағы талаптар қойылады.
І санат: Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланды, Ресей;
ІІ санат: Польша, Өзбекстан, Тәжікстан.