Грузияда вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 24 201 адамға жетті

inform.kz
inform.kz
Бір күн бұрын 8 371 адам екпе салдыртқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Грузияда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 24 201 жаңа оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

24 201 адам – бұл елде тәулік ішінде ауру жұқтыру бойынша тіркелген ең жоғары көрсеткіш. 26 қаңтарда тіркелген мәліметке сәйкес, ең жоғары көрсеткіш 17 530-ды құраған болатын. 

Мәлімет 85 191 тесттің өткізілуіне негізделген. Коронавирусты анықтау көрсеткіші: күн сайын – 28,41%, соңғы 14 күнде – 21,96%, соңғы жеті күнде – 24,96%. Соңғы тәулікте елде коронавирустан 10 732 адам жазылып, 36 пациент қайтыс болған. 31 қаңтарда Грузияда коронавирус инфекциясының 13 150 жаңа оқиғасы анықталды, 8 503 науқас сауығып, 35 адам қайтыс болды. Жалпы, пандемия басталғалы Грузияда коронавирус инфекциясының 1 200 124 жағдайы анықталды, оның ішінде 1 020 510 адам сауығып, 15 016 адам қайтыс болды. 

Бір күн бұрын 8 371 адам екпе салдыртқан. 

Инфекцияның жаңа жағдайлары географиялық тұрғыдан келесідей бөлінді: 

Тбилиси - 11 800, 

Имерети - 3 134, 

Аджария - 2 204, 

Самегрело-Земо Сванети - 1 628, 

Шида Картли - 1 461, 

Квемо Картли - 1199, 

Кахети - 1059, Гурия - 473, 

Мцхета-Мтианети - 683, 

Самцхе-Джавахети - 471, 

Рача-Лечхуми мен Квемо Сванети – 89 

Қазіргі кезде Грузияда 164 572 белсенді инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді. Ауруханада 5454 адам емделіп жатыр, оның 1048-нің жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратында 263 адам бар. 2031 адам ковид қонақ үйлерінде емделіп жатыр.157 087 науқас үйде ем алуда.

Новости партнеров