Оралда бір күнде 80 адам коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Мамандардың сөзіне қарағанда, тұрғындар көбінесе індетті қоғамдық орындарда, садақа, той секілді отбасылық іс-шараларда, адамдар көп жүретін қарбалас уақытта автобустарда жұқтырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда бір күнде 80 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім еткеніндей, «қызыл» аймаққа қайта кірген өңірде соңғы тәулікте 109 адамның індет жұқтырғаны анықталса, соның 80-і Орал қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында кеше 19, Бөрліде 5, Жәнібекте 3, Ақжайық пен Тасқалада 1 адамның ауырғаны тіркелді. ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 47 (43,1 пайызы), бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған 34 (31,1 пайызы), профилактикалық мақсатта сынама алынған 17 (15,5 пайызы), стационарларға емдеуге жатқызу алдында 11 (10,0 пайызы) адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 

Облыс бойынша соңғы үш күнде 249 адам сырқаттанса, соның 182-сі Орал қаласында тіркелді. Мамандардың сөзіне қарағанда, тұрғындар көбінесе індетті қоғамдық орындарда, садақа, той секілді отбасылық іс-шараларда, адамдар көп жүретін қарбалас уақытта автобустарда жұқтырады. Індет басталғаннан бері өңірде ауырғандар саны – 11307, Орал қаласында 6254-ке жетті. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 83 мұғалімнен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

Новости партнеров