Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Енді өңірде салтанатты іс-шаралар, форум, конференциялар өткізуге тыйым салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша республикада бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстың барлық ауданында аурудың екі есеге өскені байқалады. Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1999 адамға жеткен. Олардың 159-ы тек соңғы тәулікте тіркелгендер. Мамандар облыстың қою қызыл аймаққа кіру қаупі бар екенін ескертті. Бұған вирус әсерінен өлім-жітімнің көбейгені әсер еткен.  

«Соңғы 3 айдың ішінде былтырдан бері өлім-жітім жағдайы 268-ді құрайды. Егер 15 шілдеге дейін бізде 43 жағдай тіркелсе, бүгінгі таңда 225 жағдай осы аз ғана уақыт ішінде болды, оның ішінде 80 пайызы қарт адамдар, зейнеткерлердің арасында анықталған», – деді СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Облыста вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Енді салтанатты іс-шаралар, форум, конференциялар өткізуге тыйым салынады. Ал спорттық іс шаралар көрермендерсіз өтуі тиіс. Мамандардың сөзінше, облыста індеттен қайтыс болғандардың 78 пайызының жасы үлкен болған.  

«134 мың қарт адамның ішінде, өкінішке қарай, тек 18 пайызы ғана вакцина алған. Бұл 24 мың жасы үлкен адам ғана вакцина алды деген сөз. Облыс бойынша бұдан басқа тағы 110 мың қарт адам әлі күнге дейін вакцина алмаған», – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.  

Новости партнеров