|
15.07.2022 | 15:38
4998

Алматы "жасыл" аймаққа өтті

Алматыда стационарлық жағдайда коронавирустан 162 адам ем қабылдап жатыр

Алматы "жасыл" аймаққа өтті © Sputnik / Абзал Калиев

Алматы қаласының "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өту себебін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда стационарлық жағдайда коронавирустан 162 адам ем қабылдап жатыр.

"Бұл бізде жұқпалы төсек-орын саны жеткілікті, біз оны жеңе аламыз, жүктеме жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан Алматы "жасыл" аймақта өтті. Стационарда 5000-ға дейін науқас және R көрсеткіші 1-ден жоғары немесе стационарларда 5000-нан 10 000 адамға дейін, бірақ R санында (таралу коэффициенті) 1-ден аз. Бұл төмендеу байқалса "сары" аймаққа өтеді. Бұл науқастар көп болған кезде, бірақ ауру саны азайғанда "сары" аймақта болады дегенді білдіреді", – деп түсіндірді А. Ғиният.

Бұған дейін министр елдегі үш мегаполисте коронавирус ауруының өсуі байқалғанын айтқан болатын.

Дереккөз: Sputnik

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир