Әлемде коронавирусты тасымалдаушылар саны жүз үш миллионға жетті. 57 миллион адам емделіп шықса, Планетаның екі миллион екі жүз мыңнан астам тұрғыны мерт болған, депхабарлайды Almaty.tv.
Анти-рейтингтің көшбасшылары – АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания. Еуропада Франция мен Нидерландыдан кейін Австрияда ереуілдер өтті. Венада халық қатаң карантинге қарсы шығып, наразылықтарын білдірген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үшінші бұғаттау елде 26 желтоқсан мен 7 ақпан аралығында енгізілген. Алайда, демонстранттардың көпшілігі санитарлық шараларды сақтамады. Мыңнан астам полицейлер қалада тәртіпті қамтамасыз етті.
Францияда коронавирустың таралуына қарсы жаңа шектеу шаралары күшіне енді. Бұдан былай Еуро Одаққа кірмейтін елдерге баруды немесе сол жақтан келуді жоспарлаған адамға Франция шекарасынан өтуге тыйым салынады. Енді бесінші республикаға жету үшін сіз ПТР- тест ұсынуыңыз керек.