|
24.12.2020 | 15:51
1489

Алматыда жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды

Бұл ереже қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің соңғы қаулысында бекітілді

Алматыда жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды economist.kg

Алматыда 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Бұл ереже қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің соңғы қаулысында бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан өзге мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қосымша кезекші топтар ашуға тыйым салынады. Сауда нысандарының түнгі 11-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Ал жеке тұрған немесе сауда үйлеріндегі азық-түлік нысандары мен дәріханалар карантин талаптарын сақтаса уақытына шектеу қойылмайды. Сондай-ақ, базарлар  күнделікті сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар,  тұрғын үйлердің маңындағы дүкендер мен дәріханалардың кіреберісіне карантиндік нормалар көрсетілген маңдайшалар ілінуі керек. Ал, қоғамдық тамақтану орындары түнгі сағат 23.00-ге дейін қызмет көрсете алады.

ГРАФИКА-1

25 желтоқсан - 5 қаңтар: жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады:

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қосымша кезекші топтар ашу тоқтатылады;  

Сауда нысандары сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейді;

Азық-түлік нысандары мен дәріханалар шектеусіз жұмыс істейді;

Базарлар  күнделікті сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

ГРАФИКА-2

Кіреберістерде карантиндік нормалар көрсетілген маңдайшалар орнатылады;

Байланыссыз қызмет көрсету орталықтарының жұмысына уақыттық шектеу қойылмайды;  

Қоғамдық тамақтану орындары 23.00-ге дейін;

Ойын - сауық немесе спорттық іс - шараларға, көрмелерге, форумдарға, конференцияларға тыйым салынады.

«Желтоқсан айында бүгінге дейін осы індеттің өршуі байқалып жатыр. 1660 жағдайға дейін тіркеліп, індеттің өсуі қарқындауда. Коронавирус инфекциясы бойынша Алматы қаласында эпидемилолгиялық жағдайының өршуі алдын-ала болжамдаған мөлшерлерге сәйкес келуде», – деді  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир