Петропавлда бастауыштың кезекші сыныптарына сабақ берген екі мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Петропавлдағы №1 жалпы білім беретін IT-лицейдің 2-сынып ұстазынан коронавирус инфекциясы табылды. Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамның тапсырған ПТР тесті оның қауіпті инфекцияны жұқтырғанын растады. Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы 20 қарашадан бастап қашықтан оқуға кірісті. Бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқу форматына көшірілді. 4-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен СOVID-19 табылған. Ол да ПТР тест тапсырып, талдау оң нәтиже көрсетті. Салдарынан кезекші екі сыныптың 26 оқушысы қашықтан оқуға кетті.
Естеріңізде болса, бұған дейін қыркүйек айынан бастап 56 мектеп оқушысынан КВИ анықталғанын айтан едік.