Әлемдегі COVID-19 тасымалдаушыларының саны жүз миллионнан асты. Екі миллион екі жүз мың адам пандемияның құрбаны болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анти-рейтингтің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания.
Еуропада шектеулер енгізілуде. Бұл елдің үкіметі бұғаттауды 1 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Олар қараша айында енгізілген шектеулер өздерінің тиімділігін дәлелдеді деп санады. Бүгінгі таңда инфекцияның 363 мың жағдайы тіркелген.
Ал, Кенияда роботтар COVID-19-бен күреседі. Эпидемияға қарсы роботтар деп аталған үш ақылды машина Кения үкіметіне БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Жапониямен серіктесе отырып COVID-пен күресу үшін сыйға тартылды.
Роботтар медициналық мамандардың кейбір функцияларын орындай алады. Шуджа, Джасири және Тумайни – бұл көмекшілердің аты – үш жарым метрге дейінгі қашықтықта минутына екі жүз адамның температурасын өлшеуге, үлкен аумақтарды дезинфекциялауға және маска киюдің маңыздылығы туралы хабарламалар таратуға қауқарлы.