Әйелдер коронавирустан ерлерге қарағанда 22%-ға жиі зардап шегеді - Зерттеу

фото: Pixabay
фото: Pixabay
Зерттеушілер коронавируспен ауыратын шамамен 1,3 миллионға жуық пациенттің медициналық мәліметтерін талдаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Американдық «Johnson & Johnson» компаниясының медициналық зерттеушілері әйелдер коронавирустың ұзаққа созылған ағымынан ерлерге қарағанда 22%-ға жиі зардап шегетінін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зерттеушілер коронавируспен ауыратын шамамен 1,3 миллионға жуық пациенттің медициналық мәліметтерін талдаған. Аурудың ұзаққа созылған ағымы бар әйелдерде неврологиялық, ревматологиялық және асқазан-ішек ауруы дамыған, шаршау, көңіл-күйдің бұзылуы байқалып, құлақ, мұрын және тамақ ауруы бойынша шағымданған. Ерлер көбіне тек эндокриндік жүйенің бұзылуына (мысалы, қант диабеті) және бүйректің зақымдалуына тап болған.      

Ғалымдар коронавируспен ауыратын пациенттерді емдеу кезінде де, оларға зерттеу жүргізу кезінде де жыныс (әйел немесе ер адам) айырмашылықтарына мән беруді ұсынады.

Новости партнеров