|
27.01.2021 | 16:40
3500

Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашар – Бекшин

Қаңтардың басынан бері мегаполис бойынша COVID-19 жұқтырудың 3026 фактісі тіркелген

Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашар – Бекшин Zakon.kz

Алматының бас санитар дәрігері қаладағы эпидемиологиялық жағдайды нашар деп бағалап отыр. Жандарбек Бекшиннің айтуынша соңғы 4 күнде шаһарда коронавирус жұқтырғандардың саны әлдеқайда көбейіп кеткен. Мәселен, бір күннің ішінде орта есеппен 125-тен 140 тұрғынға дейін  індетке шалдығады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, қаңтардың басынан бері мегаполис бойынша COVID-19 жұқтырудың 3026 фактісі тіркелген. Пневмониямен ауырғандардың саны 237-ге дейін жеткен.

«25 қаңтардан бастап «қызыл аймаққа» өттік. Коронавирус індетінің эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарында науқастардың 40 пайызы осы қоғамдық орындарға байланысты. Қоғамдық көлікте науқастардың жұқтыруы 20 пайыз болды», – деді  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, қаңтар айының соңында Алматыға 1 450 доза вакцина жеткізіледі. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді. Оның айтуынша ресейлік «СПУТНИК-V» вакцинасын сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлер мен тоңазытқыштар дайын. Ал алдағы ақпан айына 6 мың доза алу жоспарланып отыр.

«Қазір 1450 вакцина дозасы салынатын адамдардың тізімі жасалды. Ең алдымен жедел жәрдем, инфекциялық стационарлар, емханалар мен ауруханалардың қызметкерлеріне екпе салынады. Ал, уақыт өте келе бұл тізімге педагогтар мен студенттер, құқықорғау органдарының қызметкерлері қосылады», – деді  қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир