Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Алматы қаласының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының өңірлері үшін «Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу бойынша медициналық көмекті жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған семинар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа серпінге айналды. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, “эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. «Мәселе туындаған кезде ғана» қимылдамай, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуі қажет.”
Бұл онлайн-кездесудің мақсаты Алматы қаласының басқа өңірлермен тәжірибе алмасуында болды. Жаңа шешімдермен бөліскен басты спикерлер: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы - Қамалжан Надыров, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері - Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы - Баян Конирбаев. Сондай-ақ, 15-тен аса жетекші докторлар мен COVID-19 індетімен қарсы күресуге бағытталған қызмет басшылары өз тәжірибелерінде ішкі жұмыс тетіктері қалай реттелгенін және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермей, қиыңдықтарға қалайша төтеп беруге болатыны жөнінде айтып берді.
«Қаладағы сырқаттанушылық деңгейі мен қарқындылығын басқару міндетін қоя отырып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындарының жұмысы біріктірілген болатын. Осылайша, нәтиже ретінде біз болуы мүмкін COVID-19 жаңа толқынына қаланың барлық денсаулық сақтау қызметтерін барынша дайындауды іке асыра алдық», – деп онлайн-аудиториясының алдында атап өтті Қамалжан Надыров.
Алматы пациенттерді емдеуге жатқызудың жаңа тетіктерін ең алғаш енгізіп, пациенттердің жай-күйінің ауырлығын бағалау чек-парақтарын жетілдіргенін атап өту керек, бұл өз кезегінде емдеуге жатқызу деңгейін қосымша реттеу құралына айналды, қала стационарларды инфекциялық және провизорлық деп бөлуден бас тартып, барлық стационарларды жарақтану деңгейіне және кадрлық әлеуетіне қарай бөлу – эшелондау қағидатын енгізді. Алматыда сонымен қатар, клиникаларды медициналық оттегімен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданып, сәтті іске асырылуда. Семинарда айтылған тағы да бір жалпықалалық бағдарлама бұл – биоқауіпсіздік, яғни медициналық қалдықтарды жою және кәріз ағындарын зарарсыздандыру бойынша стационарларда қолданылатын технологиялар болды.
Қалада жаңа бөлімшелер өз жұмыстарын бастап кетті, олар: Анестезиология және реаниматология орталығы – реанимациялық пациенттерді емдеу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған, ол өз кезегінде сараптамалық бөлімнен және анестезиологтар мен реаниматологтардан құралған мобильдік бригададан тұрады.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында құрылған Пациенттерді мониторингілеу орталығы. Ол жерде кардиологтар, пульмонологтар, аллергологтар, эндокринологтар сияқты жетекші бейінді мамандар амбулаториялық деңгейде қауіп тобындағы пациенттер мен орташа ауырлық жағдайындағы пациенттерге қашықтықтан консультация беруді жүзеге асырады.
Халықты психикалық қолдау орталығы жұмыс істеді, сонымен қатар Алматы қаласы Телемедицина орталығы құрылған. Телемедицина орталығының міндеті – COVID-19 болуы мүмкін және расталған жағдайларымен пациенттерге дәрігерден видео-консультация алу мүмкіндігімен консультация беру және оларды мониторингілеу болып табылады.
Бұл жұмыстың маңызды көрсеткіші сырқаттанушылықтың өсу қарқындылығының төмендеуі, ауыр жағдайдағы пациенттер деңгейінің төмендеуі, стационарлардың жарақтану сапасының артуы, коронавирустық инфекциямен пациенттерді емдеу сапасын арттыру сияқты нақты нәтижелер болды.
Семинардың ерекшелігі – Алматы қаласының іске асырып жатқан денсаулық сақтау саласындағы цифрлық әкімшілендіру жобасы болды, оны Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Конирбаев көрсетіп таныстырды. Көбіне, Алматы: қала басшылығы үшін бөлінген көрсеткіштер динамикасымен ситуациялық орталық, КВИ таралуы тарихымен мобильдік байланыс операторлары, бірыңғай деректер базасының мәліметтерінің негізінде Алматы қаласы бойынша карантин режимін аналитикалау жүйесі, медициналық құрал-жабдықтарды және медициналық персоналды басқару және аналитикалау бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, орталықтандырылған PACS жүйесі - барлық қызметтерге қолжетімділігі бар радиологиялық түсірімдерді талдау сияқты жүйелердің қалай жұмыс жасайтынын көрсетті.
Семинар-тренинг шеңберінде қала қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау және сырқаттанушылық қарқындылығын басқарудың жалпықалалық үлгісіне айрықша көңіл бөлінді. Әріптестер тәжірибелерімен бөлісіп, барлық деңгейлерде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін өздері енгізген маңызды индикаторлар және үдерістер туралы ақпаратпен алмасты.
Онлайн-тренингке құрамында облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, аумақтық департамент басшылары, стационарлардың бас дәрігерлері бар барлық 17 өңір қатысты.