Қасым-Жомарт Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Акорда
Президент қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары мен карантин шараларын сақтауға шақырамын», – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Президент үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейтінін атап өтті.
«Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», – деді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11