Грузияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

Грузияда карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді
Тамақтану орындарында адам саны көбейіп, спорттық және мәдени шараларды өткізуге рұқсат етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Грузияда карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Елде қашықтан жұмыс істегендер қайтып кеңселеріне оралып жатыр. Тамақтану орындарында адам саны көбейіп, спорттық және мәдени шараларды өткізуге рұқсат етілді. Дегенмен дерт дендемесе де, оның беті толық қайта қойған жоқ. Сол себепті билік вакциналау науқанын тоқтатпауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Вакциналау белсенділігі өте төмен. Наурызда күніне орта есеппен 1000 адамға екпе жасалды. Ақпан айында  3 мың, ал желтоқсанда тәулігіне 10 мың болған еді. Біз бұл көрсеткішті ұстап тұруға тырыстық, бірақ әзірге нәтижесіз. Жазға қарай қарқын аламыз деп сенеміз», – деді «Ауруларды бақылау және қоғамдық денсаулық» ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе.

Ал қазір елдегі жағдай тұрақты. Өткен тәулікте 32 адамнан індет анықталған. Жұқтырғандар саны бойынша Алматы қаласы мен елорда көш басында тұр. Ал кей өңірлерде  дертке шалдыққандар мүлде кездеспейді. Айта кетейік, соңғы тәулікте еліміз бойынша 564 адам коронавирустан емделіп шыққан.


Новости партнеров