Алматы қаласы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда блок-бекет қойылмайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазір осы мәселеге байланысты критерийлер айқындалды. Қазір Алматыдағы аурушаңдық көлемі блок-бекет қоюды немесе әуе қатынасын тоқтатуды талап етпейді. Қазір қабылданып отырған шектеу шаралары вирустың таралуының алдын алуға жеткілікті», – деді Жандарбек Бекшин.
Айта кету керек, Алматы қаласы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын.
Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.