Елімізде коронавирустан 343 адам емделіп шықты

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда 85 вакцина пункті жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен тәулікте коронавирустан 343 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, жалпы індет басталғалы дертіне дауа тапқандардың саны 1 млн 293 899 адамға жеткен. Осы тұста екпенің 2-компонентін алу үшін Алматының өзінде 8 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.

Соңғы ресми дерекке сүйенсек, ел бойынша екпе алғандардың саны 1-компонент үшін 1 млн 228 мың, ал 2-компонент деңгейінде 1 млн 161 мың адамнан асып отыр. Бұл қатарда жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер де бар.

Қалалық №3 емхана тұрғындар үшін вакцина салатын кезекті мекемелердің бірі. Мамандар індет қайта өршігелі мұнда келетін азаматтардың да қатары көбейгенін айтады.

«Ревакциналауға келдім бүгін. Профилактикалық тексеруден өтем. Қазір Алматы қаласында Ковид-19 қайтадан ушығып жатыр. Қайтадан қызыл зонаға кіруі мүмкін. Өзімнің денсаулығымды ойлаған жөн деп санаймын», – деді қала тұрғыны Равиль Жолдымбай.

«Эпидемия деген өте қорқынышты ғой. Өзімді былай қойғанда, жақындарымның аман болғанын тілеймін. Бұрын да екпе алғанмын, бүгін қайта екпе алу үшін келдім», – деді қала тұрғыны Ольга Козлова.  

Дәрігерлер екпе арасында ұзақ уақыт өтіп кетсе, адам ағзасындағы антиденелердің азаятынын айтады. Сондықтан, тиісінше уақытылы вакцина салғызған жөн.

«Бүгінгі күнге дейін біздің №3 емхана 1-компонентпен 41232 адам, 2-компонентпен 39 378 адам екпе алды. 29 039 адамға қайта егілді. Оның ішінде жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер, жасөспірімдер қамтылған», – деді қалалық №3 емхананың бөлім меңгерушісі Ақбаян Дәулетбаева.

Қазір Алматыдағы медициналық ұйымдарда 85 вакцина пункті жұмыс істейді. Ал, жалпы 99 бригадаға 313 қызметкер жұмылдырылып отыр.

Мадина Оқас, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров