|
27.01.2021 | 17:15
3030

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай: соңғы 4 күнде күрт нашарлады

Алматыда әлеуметтік қашықтықты, бетперде-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізуде

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай:  соңғы 4 күнде күрт нашарлады Фото: ашық дереккөзден

27 қаңтар күнгі жағдайға бойынша Алматы қаласында КВИ қатысты эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркелуде. Оның салдарынан, Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының қызыл аймағына өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Эпидемия басталғаннан бастап 27 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 21 547 жағдайы, сондай-ақ 1662 коронавирустық пневмония тіркелді. Қаңтар айының 26 күнінде 3026 КВИ және 237 пневмония жағдайы тіркелді.

КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарда науқастардың 40%-ы, қоғамдық көлікте науқастардың 20%-ы, сондай-ақ ауырғандардың отбасылардың 28%-ы жұқтырғаны анықталды. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шараларда (той және отбасылық іс-шаралар ж. т. б.) сондай-ақ кинотеатрлар мен театрларға барған кезде  жұқтырған жағдайларда тіркелді.

КВИ жоғары аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 35% деңгейінде, 40-59 жас аралығында 27-28% деңгейінде тіркелуде, бұл сауда объектілеріне (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар) мен қоғамдық тамақтану орындарына бару және қоғамдық көлікті пайдаланумен байланысты.

Алматыда әлеуметтік қашықтықты, бетперде-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізуде. 2021 жылдың қаңтар айының 1-нен 26-сына дейін 332 тексеру шаралары жүргізіліп, 2544 нысан қамтылды, 180 (7%) нысаннан бұзушылықтар анықталған. 107 хаттама толтырылды, оның ішінде 29-ы заңды тұлғалар 10 399 105 тг айыппұл салынған, ал  жеке тұлғаларға бетперде режимін бұзғаны үшін 78 хаттама толтырылып, 3 412 890 тг айыппұл салынды.

462-ші баптың 3-ші бөлігі бойынша 12 материал (Мемлекттік бақылау және қадағалау органдарды, (лауазымды адамдар) шығарған заңды талаптар немесе бұйрықтар, қаулылар бұзылған жағдайда) Алматы сотына берілді:

• Алатау ауданы бойынша 3 материал: «Жақсылық» кафесі, «Центр шашлыка» кафесі, ТОО «Шамо» бильярд клубы.

• Алмалы ауданы бойынша 2 материал:  «Финик» рестораны, «Fizika» түнгі клуб.

• Әуезов ауданы бойынша 1 материал:  «Рыба моей мечты» караоке-бары.

• Жетісу ауданы бойынша  1 материал: Ниязова Ж.А. компьютер клубы (3 айға тоқтатылып, 5айлық көресткішімен айыппул салынды).

• Медеу ауданы бойынша 3 материал: Виктория бинго клубы, ТОО «Ordagamecenter» компьютер клубы, «Манана» рестораны.

• Наурызбай ауданы бойынша 2 материал:  «Премьера» кафесі, «Таужолы» кафесі (1 айға тоқтатылып, 100 айлық көресткішімен айыппул салынды).

Тек қаңтар айында шектеу шараларын қасақана бұзған 130 нысан анықталып, 3 690 005 теңге, ал жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 2 056 485 тг айыппұл салынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир