Қаланы дәрі-дәрмекпен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының стационарларында, емханалары мен дәріханаларында дәрі-дәрмек құралдарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының жеткілікті болуына апта сайын мониторинг жүргізіліп тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі күні, коронавирус инфекциясын емдеуді талап ететін препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыздық шамамен 90%-ды құрайды, дәріхана қоймаларында 1 млн.-нан астам (1 037 мың) емдеуді талап ететін препараттар бар.
«Дәрі-дәрмек құралдарын сатудан алып тастау туралы ешқандай нұсқау болған жоқ және болуы мүмкін емес, себебі дәріханалар бизнестің тәуелсіз субъектілері болып табылады. Бұдан басқа, қала әкімдігі дәріхана сөрелерін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толықтыру бойынша барлық қажетті шараларды қолдануда», – деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Басшының айтуынша, нарықты толықтыру үшін қала дәріханаларына дәрі-дәрмек препараттарын жеткізу Тұрақтандыру қоры қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, әкелуге жоспарланған 40,1 млн. дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалаға жеткізілгені 47,2 млн. (118%), 23,4 млн. сатылды, қолдағы бары 23,8 млн. оның ішінде, азайтылмайтын қалдығы 8 млн.
Осылайша, қалада нықтылықтың екі айлық қоры қалыптастырылды.
Сонымен бірге, фармақауымдастығының деректері бойынша елімізде ковидке қарсы бірқатар препараттарға шекті бағалардың енгізілуіне байланысты, дәріханалар дәрі-дәрмек құралдарына қайта бағалау жұмысын жүргізуді жалғастыруда, бұл олардың сөрелерде уақытша болмауына әкеліп соғуы мүмкін.
Жалпы алғанда, Алматыда дәрі-дәрмекке, сондай-ақ медициналық бетперделерге деген жоғары сұраныс байқалмайды. Жағдай тұрақты.