|
01.08.2020 | 17:45
33497

Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді

Карантин талаптарын сақтамаған адамдарды арнайы ұйым карантинге қамайтын болады

Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді informburo.kz

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қосымша шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың көбі үй карантині талаптарын бұзған.

«Біз 200 жуық үй ошақтарын тексердік. 23 жағдайда заңбұзушылық болған. Науқастар үйде болмаған. Бұл вирустың тез таралуына ықпал еткен», - деді Бекшин. Осыған байланысты қалада қосымша шектеу шаралары енгізілген. «Мен қосымша шектеулер туралы қаулы шығардым. Ол симптомсыз науқастарды бақылауға бағытталған. Олар белгіленген үй карантинін бұзбауы тиіс», - деді Бекшин.

Карантин талаптарын сақтамаған адамдарды арнайы ұйым карантинге қамайтын болады. Егер осы әрекет бірнеше рет қайталанса, оларға айыппұл салынатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир