Маймыл шешегін әлемде 35 мыңнан астам адам жұқтырған
inbusiness.kz
12 адам көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маймыл шешегін әлемнің 92 елінде 35 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,5 мыңы соңғы аптада анықталып отыр. Яғни, бір аптадағы инфекция жұқтыру деңгейі бұған дейінгімен салыстырғанда 20 пайызға көп. Ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл ретте аталған аурудан 12 көз жұмды. Ал науқастар көбі Еуропа мен Америка тұрғындары.
«Вируспен күресте вакцина алудың маңызы зор. Өйткені, екпе маймыл шешегін бақылауда ерекше рөл атқара алады. Әрі вирус тіркелген көптеген елде қауымдастық тарапынан вакцинаға сұраныс жоғары болып отыр», – деді ДДСҰ директоры Тедрос Гебрейесус.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13