2 тамыздан бастап 5 қалада карантин күшейтіледі

primeminister.kz
primeminister.kz
Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру шешімі қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ін және тәуліктік өлім жағдайының 55%-ін құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл аймақтарда 2 тамыздан бастап бірқатар шектеу шарасы күшіне енеді. Атап айтар болсақ, орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру шешімі қабылданды. Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-і қашықтықтан жұмыс жасауға ауыстырылады. Бұл ретте вакцина салдырғандар және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар есепке алынбайды.


Новости партнеров