|
31.07.2021 | 20:03
4234

Қазақстанда 100 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Жалпы пандемия басталғалы қауіпті індет 6 мыңға жуық отандасымыздың өмірін жалмаған

Қазақстанда 100 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте 100 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Ал жалпы пандемия басталғалы қауіпті індет 6 мыңға жуық отандасымыздың өмірін жалмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматыға тоқталар болсақ, бір тәулікте 1511 тұрғыннан коронавирус анықталды. 1398 науқастан жұқпалы індеттің белгісі білінсе, 113 адам симптомсыз ауырған. Олардың дені екпе салдырғандар. Сондықтан медицина мамандары індеттен құтылудың бірден-бір жолы вакцина екенін айтып, баршаны коронавирустан қорғануға шақырды.

«Мысалы, қазақстандықтарды пандемиядан құтқару үшін, вакцинаны ойлап шығарды. Ресейліктер өзінің «Спутник V» вакцинасын ойлап тапты. Сондықтан біз індетті жеңеміз деп ойлаймын», – деді терапевт-дәрігер Жүнісбек Бапов.

Жұқпалы індетті ауыздықтау мақсатында қала бойынша егу пунктері демалыссыз жұмыс істеп жатыр. Мәселен, қалалық №3 емханада ақпан айынан бері 23333 адам вакциналанды.

«Вакцинаны өзімнің қауіпсіздігім үшін және жан-жағымдағы адамдардың қауіпсіздігі үшін алып жатырмын. Бала-шағам, немерелерім бар. Бүгін вакцинаның екінші компонентін алдым. Жағдайым жақсы. Менің ойымша, осы індетті вакцина арқылы тоқтата аламыз», – деді қала тұрғыны Гүлден Молдабаева.

Ал Орталық мешттің наиб имамы Мадияр Тағайбайұлы «Індетті жеңу міндет. Сондықтан баршамыз жауапкершілік танытып, әлемді жайлаған аурумен жұмыла күресуіміз қажет», –дейді.

Сондай-ақ, діни тұрғыда денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндірді.

«Жалпы ғалымдарымыз «ауырғаннан кейін ешқандай ем қабылдамай, жазылып кетем деп ойлау – ақымақтық», – дейді. Ауруға шалдықсаңыз емделудің жолын жасау керек», – деді

Алматы орталық мешітінің Наиб имамы Мадияр Пірімқұлов.

Алматыда ақпан айынан бері 715 мыңға жуық адам екпенің 1-компонентін салдырса, өткен тәулікте 8 мың 308 тұрғын вакциналанды. Бүгінде шаһар бойынша медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, сауда орталықтары мен базарларда 150-ден аса вакциналау пункті жұмыс істеп жатыр.

Оразай Нұртай, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир