Қауіпті індетті жұқтырғандармен байланыста болғандар қалай анықталады?
Мәселен, бір үйде тұратындар, COVID-19 инфекциясын жұқтырған адаммен қорғаныс құралынсыз байланыста болғандар, 15 минут немесе одан да көп уақыт бір бөлмеде болғандар, медициналық маман немесе науқасқа тікелей медициналық көмек көрсететін басқа адам сондай-ақ науқастың биологиялық үлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары, одан өзге індетті жұқтырған адаммен бір транспорта, яғни ұшақ, пойыз немесе автобуста отырғандар тығыз байланыста болған болып есептеледі. Сондықтан сақтық шараларын барынша жасағаныңыз абзал.
COVID-19 инфекциясы анықталғандармен тығыз байланыста болғандар келесідей анықталады:
– COVID-19 жұқтырғанмен бір тұрғын үйде тұратын адам;
– COVID-19 инфекциясы бар пациентпен қорғаныс құралынсыз байланысы бар немесе COVID-19 жұқтырған адамнан инфекция тараса (мысалы, қол алысқан, жөтелгенде т.б.)
– 15 минут немесе одан да көп уақыт ішінде COVID-19 дерегі бар үйде болған адам (мысалы, сыныпта, мәжіліс залы, ауруханада күту бөлмесі және т.б.);
– медициналық маман немесе науқасқа тікелей медициналық көмек көрсететін басқа адам немесе COVID-19 пациентінің биологиялық үлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары немесе жеке қорғаныс құралдарынсыз немесе жеке қорғаныс құралдары ережелерін бұзғандар;
– науқаспен ұшақта, қалааралық автобуста, пойызда екі орыннан қашықтықта немесе бір купеде (пойызда), сонымен қатар науқас ұшқан әуе кемесінде қызмет еткен экипаж мүшелерімен байланыста болғандар.