Қазақстанның үш қаласында Ashyq қосымшасы жүзеге асырылуда

kapital.kz
kapital.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мына кәсіпкерлік субъектілерде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталсын:

1) фитнес-клубтар;

2) спа-орталықтар;

3) сауналар,байссейндер;

4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

5) боулинг клубтар.

2. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларының аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) осы қаулының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізуді;

2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес пилотты іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілердің тізбесін айқындауды;

3) Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында тіркеу орны бар пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге  кіру үшін App Store және Play Market арқылы жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды қамтамасыз етсін;

4) пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:

- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі (сары аймақ) үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады;

- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі төмен (жасыл аймақ) әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады.

3. Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пилотқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

1) пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге келушілерді  кіргізу олар үй-жайға кіреберісте немесе шығаберісте көрсетуі үшін келушінің мәртебесін айқындауға арналған арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады:

- «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде көрсетілген;

- «көк» мәртебесі – ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, COVID-19 науқаспен  байланыста болған ретінде есептелмейді;

– «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен  байланыста болған ретінде көрсетілген;

– «қызыл» мәртебе – базада COVID-19-қа оң нәтижемен тіркелген.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің келісімімен ақпараттық жүйеде оның мәртебесін тексереді;

2) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан  әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 36-қосымшаға сәйкес мынадай: «сары» (COVID-19-бен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижесі бар) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіруіне жол берілмейді;

3) мынадай: «сары»  (COVID-19-бен байланыста болған), «қызыл» (COVID-19 -ға оң нәтижесі бар) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілер анықталған кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабардар етуді;

4) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан  әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етсін.

4.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Новости партнеров