|
01.04.2021 | 20:07
722

Аурудан арылудың ендігі жалғыз жолы – вакцина: алматылық дәрігерлер үндеу жасады

КВИ-дің мутацияланған түрі әлемде таралып жатыр

Аурудан арылудың ендігі жалғыз жолы – вакцина: алматылық дәрігерлер үндеу жасады ашық дереккөзден

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын амал қарастырған абзал. Дәрігерлер бұл сөз тіркесін қайталаудан жалықпаймыз дейді. Өйткені КВИ-дің мутацияланған түрі әлемде таралып жатыр. Өкінішке қарай, Алматыда да індеттің тың түрі табылды. Сондықтан ақ халаттылар аурудан арылудың ендігі жалғыз жолы вакцина дейді. Себебі коронавирусқа қарсы нақты бір препарат әлі жасалмаған. Инфекцияны өлтіретін дәрі жоқ дейді медицина қызметкерлері. Ал екпелерді салудың маңызы өте зор, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Ауыр жағдайда түсіп жатқан адамдарды осы жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей аман-есен алып шығып жатырмыз. Бірақ барлық жағдайда барлық науқастарға көмектесе алмай қалуымыз мүмкін. Ол жаңағы науқас үйінде көп уақыт жатқызып ағзасын критикалық жағдайға жеткізген кезде, әрине, кештеу болады. Сол себепті бұның тек қана бір-ақ жолы бар, осындай ауыр жағдайға жеткізбес үшін вакцинация жасау», – деді И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов.

Өкпені қабындырып, дем алдырмай тастайтын аурудың алғашқы белгілері тура тұмау секілді. Алайда көпшілік оны шатастырып, үйде өздігінен емдеп, асқыныдырып алатын көрінеді. Оның үстіне түрленген вирус тез тарауда дейді.

«Ауруханаға келіп, тынысының тарылып, ауа жетпей, дәрігерлердің көмегіне қажеттеніп келмейінше, бұл аурудың, вирустың бар екеніне әлі де сенбейді, өкінішке қарай. Ауруханаға түсіп, барлық симптомдарымен науқас ауырып, жағдайы ауыр жағдайда түскеннен кейін ғана бұл аурудың бар екеніне көзі жетіп, одан кейін кішкене өкініш сезімі болып жатады», – деді И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 4-бөлімнің меңгерушісі, дәрігер-терапевт Әйгерім Сейітова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир