Елжан Біртанов Алматыдағы коронавирустан емделіп жатқан науқастармен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында жаңадан салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып, коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науөастардың  жағдайын білді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов модульдік кешенде орналасқан «И.С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады. 

Аталған жұқпалы аурулар ауруханасында 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар. Медициналық жабдықтар: рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар және тағы басқалары орнатылған әрі жұмыс істейді. Елжан Біртанов, әсіресе алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге ерекше көңіл бөлді. Министр әріптестеріне қиын да жауапты сәтте көрсеткен адал қызметтері үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол медицина қызметкерлеріне арналған қосымша төлемдерге қатысты сөз қозғады.



Новости партнеров