Алматыдағы жедел жәрдем қызметінің 2296 маманы мемлекеттен тағайындалған үстемақыны алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оларға екінші және үшінші категория бойынша төленген. Атап айтқанда 146 дәрігер мен 1 мың 405 фелдшер екінші категория бойынша үстемақы алса, ал, үшінші категория бойынша 745 дәрігер мемлекеттен бөлінген үстемақының шарапатын көрді. Айта кету керек, бүгінде қала бойынша 194 жедел жәрдем бригадасы шақыртуларға барып жатыр. Барлық жедел жәрдем мамандары қорғаныс құралдарымен қамтылған.
«Бұдан бөлек, «Тұңғыш Президент» қорынан бөлінген үстемақы 745 медициналық қызметкерлерге: оның ішінде диспечерлар, кіші медицина қызметкерлеріне берілді. Осы сәуір айында жоғарыда айтылған үстемақылар қосымша тағы төленеді. Сіздерден өтінетініміз – үйде қалуларыңызды және жеке бастың гигиеналарын сақтауларыңызды сұраймыз», – деді «Медициналық жедел жәрдем қызметі» директорының міндетін атқарушы Азамат ӘМЕНОВ.
Қалалық №1 клиникалық аурухананың ақ халаттылары да мұндай үстемақыдан құр алақан қалған жоқ. Айта кету керек, бұл медициналық мекеме 9 наурыздан бстап провизорлық аурухана ретінде жұмыс істеп келеді. Онда 350 ден аса маман қызмет атқарып жатыр. Медицина қызметкерлері наурыз айында екі еселенген айлық алса, оған қоса мемлекеттік үстемақы да қосылды.
«Президент қаулысы шыққан кейін мұндағы қызметкерлердің жалақысына үстемақы қосылды. 71 миллион теңгеден жоғары қаражат берілді. Бір айта кетерлігі, 40 маман жұмыс істеген күндері мен сағатына қарай ең жоғарғы үстемақыға қол жеткізді. Мұндай қолдауды барлық ақ халаттылар жақсы қабылдап, алғыстарын айтып жатыр», – деді № 1 қалалық клиникалық ауруханасына қызмет көрсететін smart health university city ЖШС басшысы Эрнест КАЛИЕВ.