Қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы маска тағу – дәрігерлер

© Reuters
© Reuters
Масканың вирустан қорғау қуаттылығы 95 пайыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бетперде тағу тұрмыстық мәдениетке айналып бара жатқандай. Дәрігерлер қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы маска тағу деп айтқаннан шаршамақ емес. Оны тағу қаншалықты вирустан қорғайды және оны қалай қолдану қажет? Үй жағдайында тігілген маска мен медициналық масканың айырмашылығы қандай? Сан сауалға Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын эпидемиолог дәрігерден жауап алып келді.

Масканың қызметі – адам жөтелгенде, түшкіргенде пайда болатын ылғал тамшыларын ұстап қалу. Сол ылғал тамшыларында түрлі ауру қоздырғыш тұмаумен бірге COVID-19-дың инфекциясы да болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, адам түшкірген кезде айналасына 3 миллионнан астам түрлі вирус тамшаларын шашатын көрінеді. Бір реттік киетін бұл бетперде бір жапырақ қағазға ұқсағанмен, вирустан қорғау қуаттылығы 95 пайыз.  

«Көптеген тұрғындар мынандай респераторлы масканы қолданудың маңыздылығын сұрайды. Дәрігер маман ретінде мұны көпшілік жерлерде тағуға кеңес бермес едім. Себебі бұл ауруханаларда киетін маска. Және көпшілігі қандай маска кисе де сыртындағы нұсқаулыққа назар аудару керек», – деді эпидемиолог-дәрігер Лена Құралғазықызы.

Маманның айтуынша, ұзақ киюге арналған мынандай масканы да күні бойына киіп жүруге болмайды. Оны да әр 2-3 сағат сайын ауыстырып тұру керектігін айтады. Көпшілік мұны көп реттік маска аталуы себепті ұзақ киіп жүретінін айтады. Ол  қате. Мата мен мақтадан тігілген масканы тек жуғаннан кейін қайта киюге рұқсат.

Ұлағат: - Маскаға деген сұраныстың көп болуына байланысты өздері үйден тігін, осындай түрлерін пайданалып жатыр. Мұның медициналық маскадан айырмашылығы қандай?

Лена: - Иә, бір кездері маскаға деген тапшылық болды. Біріншіден, мұны таңдаған кезде матасына мән беру керек. Матаны көбіне мақтадан жасалған матаны таңдау керек, ауа өткізгіш маталарды таңдау керек. Мұның да қабаты 3-4 қабат болу керек. Зерттеулерге сай бұл бетперденің өткізгіштік қабілеттілігі 75 пайыз.

Дәл осындай бетпердені қаладағы «Аналар үйі» қоғамдық қорының мүшелері тігіп, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолқабыс етіп жүр. Айына осындай 200-ге жуық маска дайындап, қаладағы түрлі ауруханаларға тегін өткізеді екен. Мұндағы аналар бастапқыда дүкенге, емханаға киіп бару үшін балалары мен өздеріне тігіп бастаған. Кейін сұраныс та артыпты.

«Қазақстан бойынша 22 үй бар. Олардың барлығы да осындай маска тігеді. Басында март айында бізден Тараз қаласы да сұраған тігіп беруімізді. Бірақ біз үлгере алмайтынымызды айттық. Сұрағаннан кейін Таразға 2000 маска бір аптаның ішінде тігіп апардық», – деді  Әминат Джаппуева.

Мәселен, менің киіп тұрған қорғаныш каскасы деп аталатын құрылғыны көбіне жұқпалы аурулар ауруханасындағы дәрігерлер көптеп қолданады. Ал, бұл қолдан тігілген маска. Қауіпті індеттен қорғау қуаттылығы 75 пайыз дейді дәрігерлер. Мына респераторлық масканы дәрігерлер көпшілік орындар мен қоғамдық көлікте киюге кеңес бермей отыр. Ал, бұл - қарапайым масканы, дәрігерлердің айтуынша, мұны әр екі сағат сайын ауыстыру қажеттілігін айтады.

Ұлағат Арғын, Ялкунджан Әшімжанов, «Алматы» арнасы


Новости партнеров