COVID-19 індетінің симптомсыз түрін қалай анықтауға болады

almaty.tv
almaty.tv
Almaty.tv тілшісіне сұхбат берген алматылық дәрігер аурудың аса қауіпті екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде төтенше жағдай аяқталса да дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұған науқастар санының күн санап артуы себеп. Almaty.tv тілшісіне сұхбат берген алматылық дәрігер аурудың аса қауіпті екенін айтты. Қазір қатерлі індет симптомсыз өтіп жатыр. Ондайда  тұрғындарға не істемек керек?

Бибігүл Бөлекбаеваның соңғы уақыттағы тынымсыз еңбегін мұндағы әріптестері жақсы біледі. Себебі елде пандемия басталғалы жұмысы екі есеге артқан. 30 жыл еңбек еткен уақытта мұндай жағдайға алғаш кездесуім дейді медбике. Ол қаладағы науқастар санының күн санап өсіп жатқанына алаңдайды. Алаңдауында негіз бар. Себебі қазір індеттің көпшілігінде ауру белгілерінің болмауы. Яғни, адамның еш жері ауырмауы мүмкін. Бірақ оның ағзасында вирус бар, нәтижесінде айналысындағы адамдарға да жұқтыру қаупі жоғары.

«Бүгінде вирусқа сенбейтін адамдардың бар екені рас. Мен дәрігер ретінде осы аурудың қауіпті екенін айтқым келеді. Жақындарыңыз бен өздеріңіздің денсаулығыңызды сақтаңыздар. Қазір қатерлі індеттің  симптомсыз түрі көп таралған. Оны анықтаудыңдың жалғыз жолы –  тұрақты түрде ПЦР-тест тапсырып отыру», – деді №11 қалалық емхананың медбикесі Бибігүл БӨЛЕКБАЕВА.  

Елде төтенше жағдай алынса да, қаланың медициналық әлеуеті жоғары. Барлық емханалар мен ауруханалар керекті құрал жабдықтарымен толық қамтылған.

«Бүгінде қала аумағында пандемияға қарсы шаралар ауқымды жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер мен медбике қызметкерлері үшін қорғаныс заттары мен бетперделер толығымен жеткілікті. Мәселен, қазір қосымша 1 миллионнан астам маска, 18 мың бір рет киетін костьюм мен 972 мың медициналық қолғап бар», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан НАДЫРОВ.

Бұдан бөлек, қауіпті ауруды жоюдың алғы шебінде жүрген дәрігерлер мемлекет уәде еткен сыйақыны да алып жатыр. Бүгінге дейін 15 мыңға жуық медицина қызметкеріне қосымша сыйақы табысталған. Еске салайық, Алматыда карантин біткен жоқ. Сондықтан сақтық шараларын қатаң ұстану маңызды дейді дәрігерлер.  

Ұлағат Арғын, «Алматы» арнасы


Новости партнеров