|
05.08.2020 | 22:35
3850

Алматыдағы ковидті ауруханаларда медициналық қалдықтарды жою үшін заманауи терминалдар салынады

Тамыз айының аяғында жергілікті бюджеттің есебінен қосымша 1050 дана оттегі концентраты жеткізіледі

Алматыдағы ковидті ауруханаларда медициналық қалдықтарды жою үшін заманауи терминалдар салынады Иллюстративное фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

Бақытжан Сағынтаев "Алматы" арнасындағы Akimat Live эфирінде қаладағы стационарларды орталықтандырылған медициналық газбен қамтамасыз ету мәселесі туралы айтты.  Ал бұл 1500 төсек-орын.

Бұдан өзге, барлық ковидті ауруханаларда Б және В сыныптағы медициналық қалдықтарды жою, сонымен қатар ағынды суды залалсыздандыру жүйелері бойынша заманауи терминалдар салу жоспарланған.

Сонымен бірге, қажетті медициналық құралдармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 10,5 мыңнан астам аппарат сатып алынды, оның ішінде 252 ӨЖЖ аппараты, 1050 оттегі концентраты, 5 КТ, 33 рентген қондырғысы. Тамыз айының аяғында жергілікті бюджеттің есебінен қосымша 1050 дана оттегі концентраты жеткізіледі. Қыркүйектің ортасына дейін – 379 ӨЖЖ аппараты.

Қала әкімі өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушы симптомсыз вирус жұқтырушыларға қолданылған шараларға жеке тоқталды. 2020 жылдың 3 тамызынан бастап Алматы қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шаралары енгізілді. Бұл КВИ диагнозы расталған адамдардың өзін-өзі оқшаулау шаралары.

Егер ПТР-тестілеудің оң нәтижесі анықталған жағдайда, науқас адамға белгіленген ережелерді сақтау туралы хабарлама жіберіледі. Оған үй карантині ережелерін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны (әкімшілік айыппұлды қоса) ескертіледі.

Бүгінгі таңда КВИ-ді жұқтырған 8 симптомсыз науқас арнайы стационарға оқшауланды. 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Егер олар өзгелерге ауру жұқтыратын болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир