Қытайлық дәрігерлер Алматыда екі мәрте онлайн-конференция өткізді

dw.com
dw.com
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Әбілдаев онлайн кездесуде қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай жайлы баяндады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 сәуірде қытайлық дәрігерлер Алматыда екі мәрте онлайн-конференция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізге іссапармен келген шетелдік сарапшылар қазір Алматыда жүр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Т.Әбілдаев онлайн кездесуде қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай жайлы баяндады. Ведомство басшысы айтуынша, Алматыда коронавирусты жұқтыру деңгейі індет алғаш рет тіркелген сәттен бастап 2-ден 58 пайыз шамасында. ПТР диагностикасы орта есеппен 1500 зертханалық сараптама жасауға қабілетті алты зертханада жүргізіледі. Қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 800 төсек-орын бар, олардың 54 пайызы пайдаланылуда.

Күннің екінші жартысында «Медицина қызметкерлері арасында COVID-19 алдын алу шаралары және инфекциялық бөлімшені дезинфекциялау» тақырыбында екі сағаттық тренинг өтті. ҚХР Іле-Қазақ автономиялық округі Халық ауруханасының бас медбикесі Ю Янься баяндама жасады.

Тренинг барысында ол инфекцияның аурухана ішінде таралуына жол бермеу үшін стационарларда дезинфекциялау ережесі, жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс пайдалану, коронавируспен ауыратын науқастарға физиалық және психологиялық тұрғыда көмек көрсету төңірегінде тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, Қазақстандағы ҚХР Бас консулдығының көмегімен қытай диаспорасының өкілдерімен кездесу өтті. Жүздесу барысында қытай сарапшылары коронавирус инфекциясы  бойынша өзекті ақпараттар ұсынды, коронавирустың алдын алу және қорғану әдістерін, COVID-19 анықтау, диагностикалау және емдеудің қытайлық тәсілімен бөлісті.

Новости партнеров