|
20.12.2023 | 08:35
2297

Жетісу облысында көзі тірі анасын «жерлемек» болған азамат ұсталды

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жетісу облысында көзі тірі анасын «жерлемек» болған азамат ұсталды Фото: elements.envato.com

Жетісу облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицейлер Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Әзірге ұсталған азамат келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш фактіге қатысы бар деген күдікке ілінді.

 – Ұсталған азамат Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан соғымға деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр,– деді Қаратал АПБ бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы. 

Аудандық соттың санкциясымен күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Жасөспірімдер арасындағы қылмыс 10 пайызға азайған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир