|
08.10.2020 | 15:43
6034

Алматы облысында 2 жасар баланың денесі мұздатқыштан табылды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы облысында 2 жасар баланың денесі мұздатқыштан табылды polisia.kz

Алматы облысында өз баласын өлтіріп, денесін тоңазытқышқа жасырған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың денесі табылғаны туралы суыт хабар Қаратал аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 5 қазанда сағат 16:00 шамасында келіп түскен. Полицияға баланың жақын туысы хабар беріпті. Оның айтуынша, шілде айынан бері жиенін көрмеген. Сіңлісі болса, әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген көрінеді. Іштей күдіктенген əйел туысы жоқта, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, дереу іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде бірнеше сағатта күдіктіні қамауға алды. Сөйтсе, күйеуімен ажырасқан тас жүрек келіншек кішкентай ұлын тұншықтырып, жансыз денесін мұздатқышқа жасырыпты.

«Сол күні ізі суымай жергілікті тұрғын 27 жастағы әйел ұсталды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады. Күдікті әйел уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Жас баланы өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді  облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир