|
17.08.2022 | 08:54
6941

Алматыда полиция ұрланған 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын тапты

Ұрланған алтын базарлардың бірінде жасырылған

Алматыда полиция ұрланған 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын тапты modniymir.kz

Алматы полициясы ұрланған алтынның жасырылған орнын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv 

lЖетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдарының ірі ұрлығы жасалған. 

"ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен бірге 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Бұл – 35 жастағы А. есімді азамат. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді", –  деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Дереккөз: Polisia.kz 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир