Қазақстандықтарға «Тұрғын үй қорының» атынан хат түсе бастады. Төлем жасап, салықтан босатылуға болатыны жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Елорданың «Тұрғын үй қоры» атынан алаяқтардың хат таратып жатқаны хабарланды. Хатта қазақстандықтарға пәтер кезегі келгені айтылған. Алайда, хэтта мемлекет қорынан баспана алу үшін салық төлеу керек екені көрсетілген.
Ұйым ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Тұрғындарды сақ болуға шақырды.
«Тұрғын үй қоры мұндай хат жібермейді. Сондай, Хабарласып, кредитіңізді өтеуді сұрамаймыз. Жалға берілетін пәтер кезеги келсе, тек құжаттарды жаңартып, санатты растау керек. Құжатты рәсімдеуге төлем жасаудың қажеті жоқ » , - деді қор өкілдері.
Мұндай хат алған қазақстандықтарға полицияға арыз жазу керек
екені айтылды.
Коммуналдық тұрғын үй қорының баспанасы баспанаға мұқтаж
тұрғындарға кезекпен беріледі.