|
22.06.2022 | 09:32
4255

Қаңтарда ұрланған мылтықты үйдің қабырғасына қалап тастаған – полиция

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды

 Қаңтарда ұрланған мылтықты үйдің қабырғасына қалап тастаған – полиция пресс-служба ДП Алматы

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Жедел уәкілдер оның үйінен қабырғаға қаланған «FAIR» маркалы тегіс ұңғылы шолақ мылтықты тапты. Оны осы жылдың қаңтар айында қаладағы қару сататын дүкендердің бірінен ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілші Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Осы жылдың қаңтар айында Ж.есімді азаматтың тек қару сататын дүкенді ғана емес, сондай-ақ ұялы телефон сататын сауда орнын тонағаны да анықталды.  Ұсталған азаматтың үйінен мылтық табылды.  Оны қабырғаға жасырып қойған.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы шешімді таңдады», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир