Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассаторды тонап кетті

Желідегі видеодан кадр
Желідегі видеодан кадр
Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар , 495 450 ресей рублі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзен қаласында инкассаторға шабуыл жасап, үш қап ақша ұрлап кеткен күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Ол туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Көктем» шағын ауданында орналасқан Каспий банк бөлімшесіне инкассация кезінде көлікте отырған 4 қызметкерлерге белгісіз біреулер суық қару кезеніп, шабуыл жасаған. Олар жалпы соммасы 62 млн 532 мың 542 теңге, 19 мың 696 доллар, 495 мың 450 ресей рублі салынған үш қап пен Каспий мультикассетасын алып кеткен. Инскассатор жүргізушісі шабуыл жасаған ұрылардың Nexia маркалы көлігіне 5 рет оқ атқан. Алайда оларды тоқтату мүмкін болмапты.

«Жаңа өзен қаласының барлық жолдары қатаң бақылауға алынып, патрульдік полицияның күшейтілген жасақтары қаланың және қонақтарын патрульдеуде. Бейнебақылау камерасына инкассатор көлігіне жасалған шабуыл сәті және күдіктілердің ақ түсті автокөлікпен бой тасалап кеткен жазбасы түскен. Маңғыстау облысы департаменті мен Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының барлық жеке құрамы күдіктілерді іздеуге жәнек ұстауға бағытталды», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Айғаным Рахметова.

Новости партнеров