Полиция бір апта ішінде іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Ұсталғандардың дені - бұрын істі болған азаматтар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігінің күш құрылымдары бір апта ішінде 90-ға жуық қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 17-сі шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша ұсталыпты. Барлығы іздеуде біраздан бері жүргендер екен. Республика бойынша өткен ауқымды операция кезінде еліміздің бірқатар өңірінен түрлі қылмыс жасап, бой тасалап жүргендер анықталды. Арасында адам өлтіргендер мен қаны бұзылған қарақшылар, тонаушылар мен бопсалаушылар және де алаяқтықпен айналысқандар бар. Кейбірі тіпті заңға қайшы әрекеттерін топ болып іске асырған. Ұсталғандардың дені бұрын істі болған азаматтар.

«Қылмыскерлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деді ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Оқи отырыңыз: «Сымбат» дизайн мен технология институтында студия-мұражай ашылды

Новости партнеров